Алматыда барлық базарлар жұмысын қайта бастайды

/image/2020/06/01/crop-126_7_436x581_photo_322682.jpeg

Алматыда, шектеу шараларын жеңілдету шеңберінде, 1 маусымнан бастап, СПА-салондары, қоғамдық моншалар және сауналар жұмыстарын қайта бастайды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Нысандарға барлық эпидемиологиялық шараларды қатаң сақтаған жағдайда рұқсат етіледі.

Жұмысты бастарда ұйымдар Алматы қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қаулысының ережелерімен танысуы және нысандарды барлық қажетті талаптарға сәйкес дайындауы тиіс. Талаптар: жайларда күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді, әлеуметтік қашықтықты сақтау және т.б.

Сондай-ақ, нысандар infokazakhstan.kz сайтына тіркелуге тиіс. Онда олар өздерінің әзірлігін растайды және хабарламаға электронды-цифрлық қолтаңбасымен қол қою жолымен жазылған нормаларды сақтауға кепілдік береді.

Әрі қарай, карантиндік шараларды орындау барысын мониторингтік топ рейдтік тексерулер жүргізу арқылы қадағалайтын болады. Талаптарды бұзған жағдайда, нысандарды толық жабылады.

Жұмыс орындарына тікелей қажетті қызметкерлер санын кәсіпорын басшылары өздері белгілейтінін қосымша хабарлаймыз. Сұлулық және денсаулық индустриясының нысандары үшін жұмыс кестесі штат режімінде қалып отыр.

Жалпы алғанда, 7,2 мың адам санымен 900-ден астам нысан жұмысын қайта бастайды деп күтілуде.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар