Еңбек министрінің бауыры жемқорлық дауынан кейін қызметтен кетті

/image/2020/06/01/crop-7_1_290x536_nurymbetovy.png

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың бауыры Тимуржан Нұрымбетов жемқорлық дауынан кейін Жамбыл облысы еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы қызметінен кетті, деп жазады kaztag.kz.

Ақпаратты басқармадағылар растаған.

14 сәуірде «Время» сайты Тимуржан Нұрымбетовтың 9 млн теңге пара алды деген күдікке ілінгенін хабарлаған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұрынғы басқарма басшысы мен мүгедектердің Asyl-Tirek қоғамдық бірлестігі арасындағы тығыз байланысты байқаған.

Мемлекеттік тапсырыс сайтындағы дереккерге сай, мекеме басқарма тарапынан тек 2020 жылы ғана 86 млн теңгенің тапсырысын алған. Конкурс бір көзден өткізілген. Ашық конкурс болмаған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар