ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Комсомольская правда басылымына берген сұхбатында Қазақстандағы ұлтаралық келісім туралы айтты.
– Шын мәнінде қазақстандықтар этникалық тегіне қарамастан, өзін бір халық, бір ұлт ретінде сезінеді. Қазақстанда "ұлттық азшылық" түсігіні жоқ. Елде 3,5 млн орыс тұрады және олардың жалпы халық санындағы үлесі 19 пайызға тең. Біздің елде тұрып жатқан орыстар халқымыздың ажырамас бір бөлігі, олар барлық құқықын еркін қолданады. Жуырда шетелдік аналитикалық материалдардың бірінен "Қазақстандағы орыс диаспорасы" деген тіркесті көзім шалып қалып, өзіміздің идеологтар мен аналитиктерге мұндай тіркесті қолдануға еш болмайтынын, бұл шынайы жағдайға қайшы екенін ескерттім. Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына орыс ұлтынын қосқан үлесі мол. Оны ұмытуға болмайды, – деген президент Қазақстан тарихында есімі алтын әріппен жазылған орыс ұлтының өкілдерін атап өтті.
Пікір қалдыру