Өткен түнде АҚШ президенті Дональд Трамп наразылық шеруі салдарынан Нью-Йорк қаласының бақылаудан шыққанын мәлімдеді. Бұл туралы Қамшы тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Мыңдаған адам Нью-Йорк қаласының мэрі Билл де Блазион жариялаған коменданттық сағатты елемей шеруге шыққан. Полиция 200-ден астам адамды қамауға алған. Қамауға алынған адамдардың саны тіпті де өседі деп күтілуде.
Толқулар жалғасқан бесінші күні түнде Трамп шенеуніктерді қаланы бақылауды қалпына келтіру үшін федералды үкіметтің көмегіне жүгінуге шақырған.
"Нью-Йорк қаласы толығымен бақылаудан шықты. [Де Блазио мен Куомо] тәртіпсіздікті тоқтату керек!" деп жазды Трамп twitter парақшасына.
Кейінірек Нью-Йорк мэрі де Блазио CNN-ге зорлық-зомбылық пен адам өлімі қаупі тууы мүмкін екенін айтып, Ұлттық гвардия жасақтарын орналастырмау туралы шешімді жөн деп санаған.
Ол сонымен қатар сейсенбі күні кешке "соңғы бес күнде ең көп полиция көшеге шыққанын" растаған, бірақ қанша офицер болғанын айтудан бас тартқан.
Пікір қалдыру