Министрлік "Алтын белгіні" сату мәселесін мүлдем құптамайды

/image/2020/06/03/crop-92_7_512x682_5c755cc7abfa7.jpeg

Алматы қаласы мектептерінің бірінде 11 жыл оқып, куәлігін алған жас түлек өзінің "Алтын белгісін" 200 мың теңгеге бағалап, OLX-қа сатуға шығарған болатын.

Қамшы тілшісі "Алтын белгісін" сатылымға шығарған жас түлекпен WhatsApp мессенджері арқылы сатып алушы ретінде хат алмасып көрді. 

– "Алтын белгі" қолымда тұр. Бүгін ғана алдым. Ақша керек болып тұр, оның үстіне бұл төс белгінің қажеті шамалы. Білім адамның өзінде болса жеткілікті емес пе?! Небәрі 30 минуттың ішінде екі адам хабарласып, қызығушылық танытты, бағасын 170 000 теңгеге түсіріп бере аламын, – деді «Алтын белгі» иегері.

Кейіннен Qamshy.kz ақпарат агенттігі Білім және ғылым министрлігіне ресми сауал жолдап, "Алтын белгіні" сату қаншалықты заңды екенін білді.

– Біз бұл мәселені анықтаймыз. Министрлік "Алтын белгіні" сату мәселесін мүлдем құптамайды. Мүмкін бұл фейк ақпарат шығар. Мұндай жағдай бұған дейін болмаған. "Алтын белгіні" тек үздіктердің үздігі алады. Бұл белгі грантқа түсу мүмкіндігіне де ықпал ететінін оқушылар жақсы біледі, – де мәлімдеді Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар