Биліктегі бас партия (Нұр Отан) өзінің 2014 жылғы кіріс-шығысы туралы есеп берді. Партияның ресми сайтында көрсетілгендей, бас партияның былтырғы бюджеті 7 миллиард 954 миллион теңгені құраған. Бұл туралы «Қамшы» порталы «Азаттыққа» сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Жоғарыдағы көрсетілген соманың 7,1 миллиард теңгеге жуығы коммерциялық емес көздерден түссе, 763 миллионға жуық теңге коммерциялық жолмен келген пайда есебіне тіркелген.
Ресми ақпаратта, партияның кірісі мүшелік жарналардан, республикалық бюджеттен бөлінген қаржыдан, кәсіпкерлік қызмет пен екінші деңгейлі банктердегі салымдардан алынған кірістер, Қазақстан азаматтары мен ұйымдары берген ерікті қаржылар және басқа көздерден құралағаны айтылған.
Партия мүшелері жарнасы 1 миллиард 349 миллион теңгені құраса, республикалық бюджеттен партияға 3 миллиард 367 милион теңге бөлінген.
Билеуші партияның толық меншігінде екі коммерциялық ұйым – «Нұр Отан» шаруашылық басқармасы» (ХОЗУ) жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және «НҰР Медиа» холдингі бар. Былтырғы жылы кәсіпкерлік және жалға беру қызметінен партия 735 миллион 565 мың теңге табыс тауыпты.
Өткен жылы партияның шығыны 5,4 миллиард теңгеден аса соманы құраған.
2014 жылғы 31 желтоқсандағы есеп бойынша, «Нұр Отан» партиясына 849 мың 674 адам мүше болса, партияның жастар қанаты - «Жас Отан» қатарында 164 мың 115 адам бар деп көрсетілген.
Нұрзат Тоғжан