Лукашенко үкіметті отставкаға жіберді

/image/2020/06/04/crop-25_5_646x968_lukash1_d_850.jpg

3 маусымда Беларусь президенті Александр Лукашенко қазіргі үкіметті отставкаға жіберу туралы шешім шығарып, тиісті жарлыққа қол қойды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Белта сайтының дерегін негізге алып. 

– Мұндай шешім қабылдамас бұрын сіздермен ақылдасуды жөн көрдім. Үкіметтің жаңа құрамына қатысты мәселені шешіп алуымыз керек. Бұл туралы бұрын да айтқанмын. Басқаша түсініп қалмау үшін ескерте кетейін, үкіметтің жаңа құрамы туралы талқылауды баяғыда бастадық. Шамамен жарты жыл бұрын, – деді Лукашенко. 

Сондай-ақ Беларусь президенті коронавирус салдарынан әлемдік экономикада дағдарыс болып жатқандықтан қазір үкімет құрамына ауқымды өзгеріс жасау тиімсіз екенін айтты.

 

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар