Есімов есімізде несімен қалды?

/uploads/thumbnail/20170708192303831_small.jpg

Демалыс күндері мемлекет басшысының жарлығымен билікте біраз ауыс-түйістер көрініс берді,  соған орай Ахметжан Есімов Алматы қаласының әкімі қызметінен босап, «Астана –ЭКСПО 2017» Ұлттық компаниясы басқармасының төрағасы болып тағайындалды.

7 жыл бойы Алматы қаласын басқарған Есімовтің қала әкімі ретінде атқарған міндеті мен өтімді, өнімді,  халық үшін жасаған қызыметтерін назарларыңызға ұсына кетейік:

Есімов әкім болған сол жылдар Алматыда 400 мыңға жуық адам баспана алып, 16 мың сан соққан үлескерлердің мәселесі шешілді. 2008 жылдан бері қарай 117 білім беру, 42 денсаулық сақтау нысаны ашылған.

Орта есеппен күніне 35-37 мың жолаушы таситын метрополитен құрылысы аяқталып, іске қосылды.

2008 жылға дейін толығымен жеке меншікте болған қалалық муниципальдық қоғамдық көлік қатынасы ретке келтірілді. Бүгінде қалада газбен жүретін 600 автобус пен 400 такси, 232 троллейбус пен трамвай, сонымен қатар, метро бар. Қала меншігіндегі қоғамдық көліктердің барлығы экологиялық таза болып табылады. Бұл туралы "нұр.кз" сайты жазған.

2011 жылы ақпан мен наурыз аралығында Алматы мен Астана арасында сары құрлықтың 26 мемлекеті қатысқан қысқы Азия ойындары өтті.

2011 жылдан бастап Ахметжан Есімовтің бастамасымен Алматыдағы «барахолка» базары сүріле бастады. Зерттеулер нәтижесінде 34 базар рұқсатсыз жерде салынған. Бүгінде аталған базарлар сүріліп тасталды, орнына жаңа сауда орталықтары бой көтерді.  

Алматыда знергожабдықтау ісі қалыпқа келтіріліп энергетикалық нысандар мен 31 жаңа подстанция ашылды.

Кеңес заманынан бері тұңғыш рет қалада ең ірі мәдени ошақ – «Алатау» киноконцерт залы ашылды. Шаңғымен секіруден халықаралық «Сұңқар» кешені іске қосылды. Алматы қаласының тұрғындары тауға шаңғымен сырғанап, велосипедпен серуен құруға, гольф ойнауға қолайлы жағдайлар туды. Алматыдағы спорт ареналары жөндеуден өтіп, 7 жыл ішінде Ритц Карлтон», «Риксос», «Роял Тулип» мейрамханалары, «Есентай Молл», «Достық плаза», «Мега» сауда орталықтары бой көтерді.

Бүгінде Алматыда 28 жол айрығы бар. 91 жер үсті және жер асты өткелдері салынды. 140 шақырым жаңа жол салынып, 1265 шақырым жол жөндеуден өткен.

2015 жылдың сәуір айында Есімовтің бастамасымен Алматыда  Рысқұлов даңғылы мен Сайын көшесінің  қилысында  салынып жатқан жолайрықтың құрылыс жұмыстары кезінде темір құрсаулары құлады. Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының айтуынша, құрылыс басында 52 адам жұмыс істеген. Олардың 21-і зардап шекті. 


2015 жылы  сәуірдің 27-сі  Алматыдағы ірі сауда орталығының бірі "Адем" сауда кешенін өрт шалды.

Естеріңізге салып өтсек, 23 шілдеге қараған түні Алматы қаласының Наурызбай ауданында сел жүрді. Алматы тұрғындарының үйін су алып, лай-батпақ астында қалды. 


Сайран өзенінің жағалауы күрделі жөндеуден өтіп, 120 мың ағаш отырғызылды.

Халықаралық Олимпиада комитеті 2022 жылғы олимпиада ойындарын Қытайдың Бейжің қаласында өтетінін жөн деп тапты. Олимпиада ойындарының Алматы қаласында  өткізу жөнінде  ұсыныс барысында Алматының ескі әкімі Есімов өз ағылшыншасымен есте қалды.

Ендігі жерде, үлкен мегаполиске айналған Алматы қаласының судай жаңа  әкімі болып Елбасымыздың сыныптасының ұлы Бауыржан Байбек тағайындалды. Жас маманмен бірге Алматы қайта жаңару мен жаңғыруға, тың, жас идеалардың бастамасымен болашақта баянды қалаға айналатыны даусыз. Бауыржан Байбекке бұйырған алып қаланың тізгіні туралы әлеуметтік желі пайдаланушылар өз ықыластарын білдіруде. Әкім ретінде енді тізгін ұстаған азамат туралы болжам айту қиын, алайда Райымбек бабаның түйесі шөккен шаһар-еліміздің күретамырына айналып үлгерген. Күретамырды тап басып, ондағы ахуалды айнытпай айта алатын адам келгеніне сенгіміз келеді.

Гүлден ӘБДІБАҚЫТ

Қатысты Мақалалар