Алты баланың анасы «Ресей аруы-2015» атанды

/uploads/thumbnail/20170708192304469_small.jpg

 «Ресей аруы-2015» сұлулық байқауының ақтық сынында петерборлық Екатерина Кирмель жеңіске жетті. Бұл туралы "Қамшы" ақпараттық порталы «Нұр.кз» сайытына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Facebook желісіндегі байқаудың ресми парақшасында хабарланғандай, оған тұрмыстағы ең кемінде бір баласы бар әйел аналар қатыстырылған. Қорытындысында 22 жастан 37 жасқа дейінгі 15 қатысушы іріктеуден өткен», делінген хабарламада.

Байқау жеңімпазы Екатерина Кирмель 37 жаста, алты баланың анасы. Оның екі жоғары білімі бар, бимен, бодибилдингпен және жеңіл атлетикамен айналысады.

Ең үлкен ұлының жасы 17-де, ең кіші ұлы – 12 жаста. Ал ең үлкен қызы 10 жаста, кіші қызы – 4 жасар ғана.

Айта кетейік, «Ресей аруы» байқауы 1998 жылдан бері өткізіліп келе жатқанымен, тек соңғы екі жыл ішінде ғана танымал болып келеді.

 

Қатысты Мақалалар