Шымкентте орта мектеп директоры пара алды деген күдікке ілінді. Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеуді бастады.
– Ол 2020 жылғы 27 мамырда аталған мектептің әлеуметтанушысынан еңбекақысы төленбейтін демалысқа жібермеу және жалақысын аудару үшін 40 000 теңге алуға қатысты күдікке ілінді, – дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірінші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.
Оның айтуынша, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
– Күдіктінің кінәлілік дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады. ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабы аясында өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды, – деп атап өтті тергеуші.
Пікір қалдыру