Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
"Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын! Елтаңба, Ту, Әнұран – Тәуелсіздігіміздің басты құндылықтарының көрінісі, бейбітшіліктің, бірлік пен келісімнің, өсіп-өркендеудің белгісі. Біз халқымыздың мүддесін қорғайтын күшті, беделді мемлекет құру жолында биік белестерге бірге жетеміз", - деп жазды Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында.
Пікір қалдыру