Трамп қытайлық әуекомпаниялардың Америкада ұшуына тыйым салды

/image/2020/06/04/121847063800.jpg

АҚШ президенті әкімшілігі Қытайдың жолаушылар тасымалдайтын ұшақтарының 16 маусымнан бастап Америкада ұшуына тыйым салды. Бұл туралы Қамшы тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Бұл шектеулер "Air China", "China Eastern Airlines Corp", "China Southern Airlines Co", "Hainan Airlines Holding Co", "Sichuan Airlines Co" және "Xiamen Airlines Co" сияқты қытай компанияларына қолданылмақ. Тасымалдаушы компаниялар қазіргі уақытта Америка Құрама Штаттарына аптасына төрт рейспен ұшады.

Reuters-тың ақпараты бойынша, АҚШ көлік-тасымал департаменті бұл қадам арқылы екі ел арасындағы ұшулар туралы бұрыннан бар келісімді орындамаған компанияларды жазаламақ.

Айта кетейік, соңғы айларда коронавирус пандемиясы төңірегіндегі шиеленістер және Бейжіңнің Гонконгқа ұлттық қауіпсіздік туралы жаңа заңнаманы енгізу жоспарына байланысты АҚШ-Қытай қарым-қатынасы нашарлай түскен.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар