Ж. Бекшин: Митингтерге қатысушылар коронавирус жұқтырудың эпидемиялық тізбегін құрайды

/image/2020/06/05/crop-77_9_484x645_f6e54773-e919-4aca-a6a2-8ce14555853c.jpg

Бүгін Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мегополисте коронавирус инфекциясының тіркелу оқиғалары әлі де жалғасып жатқанын айтты.

Өткен тәулік ішінде айқын белгілері бар 49 оқиға, ал бір апта ішінде – 334 оқиға анықталды.

– Бұқаралық шараларға, митингтерге қатысушылар коронавирус жұқтырудың эпидемиялық тізбегін құрайды. Осының салдарынан індет сіздің үйіңізге, отбасыңызға тарайды, ең алдымен балаларға және қарт адамдарға қауіп төндіреді. Міне, сондықтан мен бұрындары Алматы қаласының аумағында түрлі бұқараларық шараларды өткізуге тыйым салу жөнінде қаулы қабылдаған едім, – атап өтті Ж. Бекшин.

Қаланың бас санитарлық дәрігері барлық қалалықтарға, әсіресе әлсіз қарт азаматтарға және созылмалы аурулары бар тұрғындарға адамдар жаппай жиналатын жерлерден аулақ болуды ұсынады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар