Илон Маск әлемдегі ең бай адамның компаниясын тарату керектігін айтты

/image/2020/06/05/crop-145_141_224x673_elon-musk.png

Илон Маск әлемдегі ең ірі интернет-сауда дүкені Amazon-ды "монополист" деп атап, оны таратуға шақырды. Бұл туралы Қамшы тілшісі Илон Масктың Twitter парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Илон Маск Twitter парақшасында "бұл – есі ауысқан Джефф Безос. Amazon-ды тарататын уақыт келді. Монополиялар дұрыс емес!" деп жазды.

Amazon компаниясының бас директоры Джефф Безостың меншігінде ғарышқа ұшатын "Blue Origin" деп аталатын компания бар. "Blue Origin" компаниясы Илон Масктың ғарыш кемесін жасайтын "SpaceX" компаниясына бәсекелес.  

Алайда Amazon компаниясы Илон Масктың тарату туралы жазбасына түсінік берген жоқ.

Айта кетейік, NASA сәуір айының соңында "SpaceX", "Blue Origin" және "Dynetics" компаниялары "Artemis" бағдарламасының адам қону жүйесін жобалау және салу бойынша келісім-шартын жеңіп алғанын жариялаған.

Ал жақында NASA ғарышкерлері Бен Беннкен мен Даг Херли "SpaceX"-тің «Dragon Dragon» ғарыш кемесімен Халықаралық ғарыш станциясына ұшқан болатын.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар