Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда өткен тәулікте 165 адамнан коронавирус анықталғанын, жалпы статистикаға қосылмаған 313 коронавирус індетінің белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелгенін хабарлады.
Індетке шалдығу өсімі 1,3 пайызды құраған.
Ел бойынша ауырғандардың жалпы саны – 12859, емделіп шыққандар – 7376, кайтыс болғандар – 56.
Соңғы тәулікте вирустан 3 адам көз жұмды. Павлодар облысында 1957 жылы туған ер адам, Атырау облысында 1948 жылы туған әйел, Қарағанды облысында 1963 жылы туған ер адам індеттен қайтыс болды.
⠀
Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдаған.
Пікір қалдыру