Биыл Маңғыстауда 5448 түлек ҰБТ тапсырады.
Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында Маңғыстау облыстық білім басқармасының басшысы Асқар Сейдалиевтің қатысуымен өткен брифингте мәлім болды
Ұлттық біріңғай тестілеу әдеттегідей республика бойынша 20 маусымнан басталады. Биылғы оқу жылында 6365 оқушы мектеп бітіреді (2019 жылы-5590). Оның ішінде 5931-і күндізгі мектептің, 434-і кешкі мектептің түлектері. ҰБТ ға 5736 оқушы қатысады (оның ішінде биылғы бітіруші түлектердің 5448-і (85,6%), бұрын мектеп бітірген 246 түлек пен колледждердің 42 түлегі). ҰБТ сұрақтары 2019-2020 оқу жылының 3 тоқсаны мен оның алдыңғы өткен материалдардан құрылатын болады.
Өңір бойынша 4 ҰБТ өткізу пункті бар. Олар Ақтау, Жаңаөзен қаласы мен Бейнеу, Қарақия аудандарында орналасқан. Білім басқармасы тарапынан ҰБТӨП терді бақылау комисссиялары құрылды. ҰБТ нәтижелерінің ашықтығын қамтамасыз ету бағытында барлық аудиториялар салқындатқыштар, орталық трансляцияға қосылатын бейнебақылау жүйелері, ұялы байланысты тұншықтырғыш құрылғылар және металл іздегіштермен толық қамтамасыз етіледі. Шалғай ауылдарда тұратын 966 балаға мектеп автобустарымен тасымал ұйымдастырылады (Маңғыстау -270, Қарақия – 164, Мұнайлы -562), Автобустардың техникалық жағдайлары мен жүргізушілердің денсаулық жағдайлары құзырлы органдардың тарапынан тексеруден өтеді.
Биылғы санитарлық талаптарға сәйкес орындар арасындағы 2,5-3 метр ара қашықтықты сақтау үшін бұрынғы бекітілген ҰБТӨП терге лектер санын арттыра отырып бөліп кіргізіп, 54 аудиторияда 50% толымдылықпен отырғызатын болады.
Отырғызу тәртібі облыстың бас санитарлық дәрігерімен келісілген. Биылғы ҰБТ уақыты 10 минутқа ұзартылған, ол уақыт маскалар ауыстыру, дезинфекциялау және дене қызуын өлшеуге арналады.
Ұлттық біріңғай тестілеу пункттеріне қатысушылар бөліп, арнайы тексеруден өткізіліп, кіргізіледі. Ол үшін қатысушылар ленталармен бөлінген арнайы бекітілген орындарда тұрады. Бұдан басқа әрбір ҰБТ өткізу пункттері дезинфекциялық тоннелдермен жабдықталады, дезинфекциялық төсемшелер төселеді, санитайзерлер, маскалармен жабдықталады. Кіреберісте үйден киіп келген маскалар ауыстырылады. Биыл шоғырланудың алдын-алу үшін ата-аналардың ҰБТӨП терге келуіне тыйым салынады. ҰБТ барысын онлайн трансляциямен үйден қадағалау қажет. Онлайн трансляция барлық аудиториялардан youtube каналы арқылы тікелей трансляция тәртібінде жүреді. Сонымен қатар, ҰБТ өтетін уақыттарда жедел жәрдем қызметі, басқа да тиісті қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етіледі.
Пікір қалдыру