Маңғыстауға қажетті мамандықтарға биыл облыс әкімінің 175 гранты бөлінеді

/image/2020/06/08/crop-57_939_561x938_055753417600.jpg

Маңғыстауға қажетті мамандықтарға биыл облыс әкімінің 175 гранты бөлінеді.
Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облыстық білім басқармасының басшысы Асқар Сейделиев мәлім етті.
Жылдағы дәстүр бойынша маусым айында өтетін ҰБТ қорытындысымен мемлекеттік гранттар бөлінетін болады. Министрлік тарапынан биылғы мемлекеттік грант көлемі 69 256 орынға бекітілді. Оның ішінде бакалавриатқа - 53 785 грант, магистратураға - 13159 грант, PhD докторантураға - 2312 грант.
Ақтау қаласындағы Есенов университетінің 32 ш/а орналасқан бас ғимаратында 13-20 шілде күндері қабылданады. 21 шілде мен 1 тамыз аралығыныда құжаттар қаралып, нәтижесі 1 тамыздан кейін анықталады.
-Бұдан басқа жыл сайын өңірге қажетті мамандықтарға, бірінші кезекте, медицина, педагогика, IT, құрылыс, машина жасау, ветеринария және ауылшаруашылығы саласы мамандарына жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын грант көлемі бекітілді. Биыл да шамамен 175 грант бөлуді жоспарлап отырмыз – деді, Маңғыстау облыстық білім басқармасының басшысы Асқар Сейдалиев.
Аталған конкурс мемлекеттік грант конкурсы өткеннен кейін шілде – тамыз айларында өңірдің үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік органдар өкілдернен құралған облыс әкімінің орынбасарының төрағалығымен қаралады. Жергілікті басқармалар мен кәсіпорындарға қажетті мамандықтарды нақтылап сол мамандықты таңдаған түлектер арасында ұйымдастырылатын болады.
Сонымен қатар 2020-2021 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына 4004 орынға қалыптастырылды.
2014 жылдан бастап «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» -Серпін-2050» бағдарламасы іске асырылуда. Аталған жоба Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарында іске асырылады.
Серпін грантына ҰБТ мен кешенді тестілеуден кем дегенде 50 баллдан кем емес және таңдау пәнінің ұпайы кем дегенде 7 баллдан төмен болмаған түлектердің қатысуға мүмкіндігі бар. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар