Маңғыстау ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 17 жоба жүзеге асады.
Бұл туралы өңірлік қоғамдық коммуникациялар орталығында өткен брифингте Маңғыстау аудан әкімінің орынбасары Талғат Қылаңов мәлімдеді. Аталған инфрақұрылымдық жобаларды іске асырудың жедел мониторингі бекітіліп, тендер жарияланған. 15 мердігер мекемемен аудан әкімдігі келісімшартқа отырды.
17 жобаның 15-і жергілікті, екеуі республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Әр жобаға аясында құрылатын жұмыс орындарының 50 пайызына дейін жұмыссыз тұрғындарға жолдама беру керектігі келісімшартта көрсетілген.
-«Осыған орай біздің ауданға қарасты әр ауыл әкімдіктерінен тұрақты табыс көзі жоқ азаматтардың тізімі жасалып, бригада ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта 17 жобаның 15-ін жүзеге асыру қолға алынды. Жоспар бойынша 599 жұмыс орны құрылады. Оның ішінде 299 орынға жұмыссыз азаматтар жұмыспен қамту орталығы арқылы алынуда. Күні бүгінде 265 адам жолдама алып, жалпы саны 586 тұрғын жұмысқа қабылданды» - деді Т.Қылаңов.
Енді кезекте әр жобаға тоқталсақ. Сай Өтес ауылының Толыбай көшесі автожолының құрылысын «Ақжол Құрылыс» серіктестігі тендерден жеіп алды. Жоба құны 509 млн 693 мың теңге. Ашылған жұмыс орны 70 орын. Оның ішінде жұмыспен қамту арқылы жолдама алған адам саны - 39.
Осы мекеме Сай-Өтес станциясында теміржол арқылы өтетін жаяу жүргінші көпірінің де құрылысын жүргізеді. 56 млн 952 мың теңгеге бағаланған жоба аясына 14 жұмыс орны ашылуы тиіс.
-«Шетпе-Қызан арқылы 12,988 шақырымдық автожолының көпірін «Design School» серіктестігі жөндейді. 117 млн 339 мың теңгелік жоба аясында 30 жұмыс орны құрылады. Шетпе ауылішілік жолдарға орташа жөндеу жасауға «Абат» серіктестігі жауапты. Бөлінген 240 млн 800 мың теңгенінің 74 млндайы игерілді. 36 жұмыс орны ашылды. Шайыр ауылдық Т.Жалғасбайұлы атындағы мектепке ағымдағы жөндеу жасауға да осы мекеме 105 млн теңгелік жобаны жеңіп алды. Мұнда көзделгені 15 орын, оның ішінде жұмыспен қамту арқылы 7 адам жолдама алды» - дейді Т.Қылаңов.
Жыңғылды ауылдық Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернат жатақханасына ағымдық жөндеу жұмыстарын «Нұрлыжолсервис» ЖШС-і жүргізуде. Келісімшартта көрсетілген 33 млн 488 мың теңгенің 12 млн 897 мың теңгесі игерілген. Ашылған жұмыс орны 18.
Жармыш ауылындағы орта мектепті жөндеуге 75 млн теңге қаралған. 40 жұмыс орны құрылған. Оның ішінде жұмыспен қамту арқылы жолдама алған адам саны 15.
Шебір ауылдық «Қаратөбе» орта мектебіне жөндеу жасауға «БекСтрой» серіктестігі 33 млн 600 мың теңге жеңіп алды. Игерілгені 13 млн 339 мың теңге. 25 жұмыс орны ашылған. Жұмыспен қамту арқылы жолдама алған адам саны 12.
Орталық стадионды ағымдағы жөндеуге 234 млн 817 мың теңге бөлінген. Оның 93 млн 927 мың теңгесі игерілді. 105 адам жұмысқа тұрған. Оның 52-сі жолдама алған.
Аудандық жасөспірімдер спорт мектебінің күрес залына жөндеу жасауға 44 млн 240 мың теңге қаралды. Игерілгені 18 млн 208 мың теңге. 35 жұмыс орны құрылды. Оның 19-ы жұмыспен қамту арқылы жолдама алғандар.
Осы спорт мектебінің бокс залына 56 млн 890 мың теңгеге жөндеу жасалуда. Ашылған жұмыс орны 35, жұмыспен қамту арқылы жолдама алған адам саны 17.
Шайыр ауылдық мәдениет үйіне 15 млн 976 мың теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. 8 млндай қаржы игерілген. Ашылған жұмыс орны 15 орын, оның ішінде жолдама алған адам саны 7.
Шетпедегі орталық алаң мен саябақты абаттандыру, ондағы монументтерге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуді «Мантеком» ЖШС-і келісімшарт бойынша 224 млн теңгені жеңіп алды. Ашылған жұмыс орны 65 орын, оның 30-ы жұмыспен қамту арқылы жолдама алғандар.
Жармыш ауылындағы 200 орындық клубтың 281 млн 563 мың теңге бөлінген. Игерлігені 74 млн 234 мың теңге. 37 жұмыс орны ашылған, 7-уі жұмыспен қамту арқылы жолдама алған.
Онды селосында дәрігерлік амбулатория салуға 196 млн 198 мың теңге қаралып тұр. мұнда 60 адамға жұмыс берілуі тиіс. Оның 25-і жолдама арқылы орналаса алады.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының орындалысы туралы.
Аудандық жұмыспен қамту орталығына биылғы жыл басынан бері 1063 адам хабарласқан. Оның ішінде 1059-і жұмыс іздеуші ретінде тіркелді. Қазіргі уақытта ресми тіркелген жұмыссыздар саны 500 адамды құрайды. Аудандағы жұмыссыздықтың жалпы деңгейі 3,2 % құрап отыр.
Маңғыстау ауданы бойынша жұмыспен қамту және алеуметттік бағдарламалар, азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Марат Оразалиевтің айтуынша, мемлекеттік бағдаралмасының 1-ші бағыты бойынша қысқа мерзімдік оқу курстарында 126 азаматты оқыту жоспарланған. Ал техникалық және кәсіптік оқыту бойынша биыл өңірдегі колледждерге 80 адамды оқыту керек.
-Бағдарламаның екінші бағыты бойынша бойынша аудандық кәсіпкерлер палатасы арқылы «Бастау-бизнес» жобасымен 110 адамды оқыту жоспарланған. Төтенше жағдайға байланысты оқу маусым айына шегерілді, «онлайн» режимінде өткізу 10 маусымға қойылды. Биыл жоспар бойынша 65 адамға 200 АЕК (555,6 м.т.) мөлшерінде 36 млн 114 мың теңге қайтарымсыз грант бөлінді. Аудан көлемінде 5 мүшесі бар комиссия құрылып, 6 адамның құжаты комиссия мүшесіне ұсынылды. Бес адамның құжаты мақұлданып 15 мамырда шешім шықты, қаржысы (200 АЕК) 2 278 000 теңге игерілді. Келесі комиссия отырысына 1 маусымда 20 адамның құжаты тапсырылды, қазір олармен келісім шартқа отырып жатырмыз» - дейді ол.
«АШҚҚҚ» АҚ-нан берілетін 6 пайыздық несиеге (оның ішінде көп балалы отбасыларға және атаулы әлеуметтік көмек алушыларға 4 пайызбен) биыл ауданға 170 млн теңге қарастырылған. Түсіндіру жұмыстары ауыл әкімдіктеріне онлайн режимде жүрді және әлеуметтік желілерге жарияланды. Несие алушылардың тізімі жасалып, құжаттары жинақталып жатыр. Жалпы былтырғы қаражаттан 2 адамға 8 млн теңге несие берілсе, биыл 7 адам жолдама алған.
-«Төтенше жағдайдың алдын-алу мақсатында штабқа бағынышты жұмыс топтарының іс-шаралар жоспарына орай, жұмысшылардың еңбек құқықтарын және кепілдіктерін қамтамасыз ету жөнінде Маңғыстау ауданы әкімдігі жұмыс беруші мекемелермен өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасақтады. Олардың ішінде 3 ірі кәсіпорындардан 2000-ға жуық қызметкерді қамтитын «Қарақұдықмұнай», «КаспийЦемент», «БозашыТрансҚұрылыс» ЖШС-і меморандумға қол қойды. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-на ұсыныс тасталды. Олар бір меморандумға отыруға шешімін берді. «Ком-мұнай», «Си-Бу» ЖШС-і де меморандумды талқылауға өз ұсыныстарын берді. Айта кетсек, ауданға қарасты орта кәсіпорындардан 9 мекеме (820 қызметкер), кіші кәсіпорындардан 3 (5 қызметкер) мекеме меморандумымен танысып, қол қойды» - деді Марат Оразалиев.
Аудандық жұмыспен қамту орталығы жолдамасымен 167 адам тұрақты жұмысқа орналастырылған. Жастар практикасымен әлеуметтік жұмыс орнына 169 адам жоспарланып, республикалық бюджеттен 23 млн 461 мың теңге, жергілікті бюджеттен 10 млн 916 мың теңге бөлініп отыр.
Нәтижесінде 64 адам жастар практикасына, әлеуметтік жұмыс орнына 64 адам тартылған. Ақылы қоғамдық жұмыстарға жоспар бойынша 300 адам, бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен берілген қаржысы 95 млн 188 мың теңге бөлінді. Бұл ретте 309 адам жолдама алған соң, басында қаралған қаржы жылдың соңғы үш айына жетпейді. Осы себепті қосымша 50 млн теңге сұрастырылып қойылды. Бұдан бөлек ақылы қоғамдық жұмыстарға биыл республикалық бюджеттен 25 млн бөлінген. Маусым айында сұраныс түскен мекемелерге жолдама берілетін болады.
Атаулы әлеуметтік көмек бойынша - жұмыспен қамту орталығы 816 адамы бар 144 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған (оның ішінде шарттысы 118 отбасы 683 адам, шартсызы 26 отбасы 133 адам).
Наурыз, сәуір, мамыр айында азық-түлік жиынтығы үшін 124 отбасының 6-18 жас аралығында 309 баласына, атап айтсақ әр балаға 5567 тг көлемінде қаражат төленген.
Пікір қалдыру