Алматыда карантин режимін сақтамағаны үшін 74 нысанның қызметі тоқтатылды

/image/2020/06/08/crop-7_14_562x749_07-06-20-74.jpg
Алматыда қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен карантин режимінің сақталуын қадағалау бойынша жұмыстар жалғасуда. Мониторингтік топ мүшелері күн сайын қоғамдық орындар, сауда орындары мен басқа да нысандарды аралап, тексереді.
 
Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аудандық бөлім қызметкерлері жүргізген жұмыс барысында заңбұзушылықтар анықталды – 100 адамға арналған Gastro Bar "ZTB" қоғамдық тамақтану нысаны жұмыс істеп тұрған. Мекеме 23.00-ден кейін жұмысына кіріскен, сондай-ақ, мұнда келушілер коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында тыйым салынғанына қарамастан, қорқор шеккен.
 
Анықталған тәртіп бұзушылықтар бойынша Жол патрульдік полиция қызметкерлері ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексінің 441-бабына сәйкес, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырған.
 
Бұған дейін де бірқатар нысандарда: Инесса» азық-түлік дүкені, «Алаш» дәмханасы, донер асханасы, шаурма сататын дүңгіршек, «Frat Gelmez»  сұлулық салоны және Медеу ауданының аумағында «sofra», «Тағам» асханаларында, «Small»  супермаркетінде : санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылғаны анықталған. Жекелей алғанда, маска тағу режимінің орындалмауы, қызметкерлерде қолғаптардың болмауы, санитайзерлер мен теріге арналған антисептиктердің, дезинфекциялық құралдардың, термометрия жүргізетін журналдардың,  жоқтығы, сонымен бірге, тиісті емес азық-түлікті сақтауға қатысты заңбұзушылықтар орын алған.
 
Мониторингтік топтар жұмысын бастағалы қалада барлығы 2 353 нысан тексеріліп, олардың ішінде 136 нысаннан Алматының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысындағы талаптарына қатысты тәртіп бұзушылықтар анықталды. Соған байланысты, 74 нысанның (оның ішінде 56-сы нысан басшылығының шешімімен) қызметі тоқтатылып, нысандағы өрескел тәртіп бұзушылықтарға қатысты әкімшілік заңбұзушылықпен байланысты 77 хаттама толтырылды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар