Ұлыбританиядағы құл саудагерінің мүсіні өзенге тасталды (видео)

/image/2020/06/08/crop-40_26_675x1229_muuuuusin.jpg

Англияда демонстранттар 17-ші ғасырдағы құл саудагерінің мүсінін құлатып, АҚШ-тан басталған нәсілшілдікке қарсы наразылық акциясына қолдау білдірді. Бұл туралы Қамшы тілшісі ABC-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Англияның оңтүстік-батысында орналасқан Бристоль қаласында наразылық білдірушілер құл саудагері Эдвард Колстонның қола мүсінін арқанмен байлап, құлатқан.

Кейінірек демонстранттар мүсінді жақын орналасқан айлаққа апарып, оны Авон өзеніне лақтырған.

Наразылық білдірушілер үлкен мереке өткізгенімен, жергілікті полиция бұл оқиғаға қатысты тергеу басталғанын айтады.

– Бристоль Харборс қасындағы мүсінді құлату кезінде қылмыстық залал келтірген адамдар тобы болған. Қатысқандарды анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр, – деді Авон мен Сомерсет полициясы жексенбіде жасаған мәлімдемесінде.

Колстің мүсіні 1895 жылдан бастап Бристоль қаласының орталығына орнатылған, бірақ оны алып тастауды талап ететін петициялар өткізіліп тұрған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар