Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия шешіміне сәйкес, Алматы облысында блокбекеттер орнатылмайды. Осы төңіректегі мәселе жүзу маусымы 13 маусымда басталуына байланысты қозғалған. Өткен демалыс күндері біз Қапшағай су қоймасы жағалауында адамдардың көп шоғырланғанын байқадық, деп хабарлады Алматы облысының әкімдігі.
Қапшағай су қоймасы жағалауына кіретін барлық жолдар жабылады.
– Жетіген жақтан келетін жолға бір мобильді пост қойылады. Онда полиция қызметкерлері тұрады және су қоймасына іргелес жатқан тас жолда екінші пост болады. Қалған жағдайда бәрі бұрынғыдай қалыпта жұмыс істей береді, – делінген әкімдік таратқан мәлімдемеде.
Пікір қалдыру