Алматы облысының №4 блокбекетінде жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен үшінші полиция қызметкері Ербұлан Сейдазім есін жиды. Бұл туралы Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
– Науқастың жағдайы жақсарды. Есін жиды, сұрақтарға жауап бере алады. Қайда және уақыттың қанша екенін біледі. Бірақ басы әлі де ауырады. Бөлмеде өз бетінше қимылдап, жүре алады" делінген басқарма баспасөзі таратқан хабарламада.
Еске сала кетейік, 25 мамыр күні таңға жуық № 4 блокбекетте BMW жүргізушісі мас күйінде бетон қоршауға соғылып барып, инерциямен патрульдік полиция көлігін соққан. Көлік ішінде екі полиция қызметкері Дастан Әбдіқанов пен Жарас Жанғазиев болған, олардың бірі оқиға орнында қайтыс болып, ал екіншісі есін жимастан ауруханада қайтыс болды. Қайғылы оқиға болған күні 26 жастағы Ербұлан Сейдазім бақылау-өткізу пунктінде кезекшілікте болып, басынан ауыр жарақат алған болатын.
Пікір қалдыру