Теңіз кенішінде 31 жұмысшы коронавирус инфекциясынан емделіп шықты

/image/2020/06/09/crop-49_8_516x688_190813173432331a3556079i.jpg

Өткен тәулік ішінде Атырау облысында COVID-19 инфекциясынан тағы 31 адам жазылып шықты. Олардың 30-ы ер адам, 1-еуі әйел адам. Емделіп шыққандардың барлығы да Теңіз кенішінің жұмысшылары.

– Коронавирусқа тест тапсырған 31 адамның бақылау сынағы теріс нәтиже көрсетті. Қазіргі уақытта жағдайлары қанағаттанарлық, – дейді облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Осылайша, Атырау облысында аталған қауіпті індеттен айыққандар саны 820 адамға жетті.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар