Алматы полициясы қазақстандық белсенді Әсия Төлесованы Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айыптауда, деп хабарлады Қазақстанның ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсы.
"Заңсыз митингке қатысқан Төлесова қызметтік міндетін атқарып жүрген полицейге қарсы күш қолданған. Төлесованың заңға қайшы әрекеті дәлел ретінде іске тартылған бейнежазба материалында көрсетілген. ҚР ҚК 378 (билік өкілін қорлау) және 380 (билік өкіліне қатысты күш қолдану) баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды", - делінген хабарламада.
Полицейлер мәлімдегендей, аталмыш баптар үш жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.
"8 маусымда күдікті Төлесова ҚПК 128-бабы бойынша ұсталып, Алматы қаласы полиция департаментінің УҰИ-ге тоғытылды", - делінген хабарда.
Еске салсақ, 6 маусымда хабарланғандай, Алматыдағы митинг кезінде ұсталғандар арасында "Шындықтан қаша алмайсың!" акциясына қатысушылардың бірі Әсия Төлесова да болған. Кейін ол ҚазТАГ ХАА-ға оны босатқандарын және тіпті хаттама да бермегендерін айтты, алайда кешке қарай белгілі болғандай, оны қайта ұстаған. Және қайтадан жіберген. Сол күні бірқатар блогерлердің әлеуметтік желідегі парақшасында 11 секундтық видео тараған, онда Төлесова полицейдің басындағы фуражкасына тиісіп жатқаны көрсетілген.
7 маусымда басқа белсенді Бейбарыс Толымбектің анасы Ләззат Толымбек сол көрсетілген видео-эпизодқа дейін Төлесованың қарттарды күштеп алып кетуге кедергі келтіруге тырысқаны, бірақ күш құрылымдарының оны жерге итеріп құлатқаны және тіпті тұруына да көмектеспегендері туралы айтқан. 8 маусымда белгілі болғандай, Төлесованы күдікті ретінде полицияға шақырған.
Пікір қалдыру