АҚШ-тың Вирджиния штатында ақ нәсілді полиция қызметкері қарусыз жүрген қара нәсілді азаматқа электрошок қолданғаны үшін қамауға алынды. Бұл туралы Қамшы тілшісі The Telegraph басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға алдыңғы жұмада Вашингтонның сыртында орналасқан Фэйрфакс округіндегі көшеде болған. Фэйрфакс округі полиция бөлімінің қызметкері қара нәсілді ер адамға электрошок қолданғаннан кейін, оның үстіне отырып алған.
Видеода полицей қара нәсілді жігітті жерге жатқызып, желке тұсына электрошоктан от шашып, қолданылғаны көрінеді.
Осы оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарғаннан кейін билік өкілдері күш қолданған полицейді тексеруге алған. The Telegaraph басылымның ақпаратынша, Фэйрфакс округінің полиция бөлімінің қызметкері Тайлер Тимберлэйкке жұмадағы кезекші оқиғаға қатысты шабуыл және электоршок мылтығын қолдануына байланысты үш түрлі айып тағылып отыр.
Пікір қалдыру