
Кеше Алматыда Қонаев және Жібек жолы көшелерінің қиылысында орналасқан «Пассаж» сауда үйінен өрт шықты. Бұл туралы «Қамшы» порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Тілсіз жау сауда үйінің сол жақ бөлігін толық шарпып, және бірнеше асхана өртеніп кеткен. Қазірге белгілі болғандай, өрт кезінде ауыр жарақат алғандар мен қаза болғандар жоқ.

Алдын ала болжамдар бойынша, өрт электр желілерінен шыққан болуы мүмкін. Ал оқиғаны көзбен көргендердің айтуынша, өрт сауда үйінің жанында орналасқан түрік асханасынан шыққан, кейін сауда үйінің сол жақ бөлігін жалмап кеткен.

Алматы қалалық ТЖД ақпаратына сүйенсек, өртті сөндіруге 13 бірлік техника келген. Өрт 19:29 шамасында басталып, 19:42 –де ауыздықталған. Өрттің қамтыған аумағы – 80 шаршы метрді құраған.

Нұрзат Тоғжан