Жүздеген атыраулық балалар Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі лагерьде демалып жатыр.
Табиғаты әсем Машат шатқалындағы лагерь таудың етегінде, таза тау өзенінің маңында орын тепкен. Атыраулық жас өрендер мұнда 12 күн бойы демалады.
«Бізде мұндай таулар жоқ. Ертегілер еліне тап болғандай әсерде жүрміз», - дейді атыраулық оқушы Александр Югай.
Лагерь аумағында бассейн, спорт алаңы бар. Балалардың уақыттарын тиімді әрі көңілді өткізуі үшін барлық жағдай жасалған.
Қазіргі кезде лагерьде Атыраудан келген 300 бала демалуда. Жаз соңына дейін тағы сонша өрен келмек. Демалушылардың ішінен аса белсенділік танытқандары лагерьдің жабылу салтанатына шақырылатын болады.
Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысы мен іспен айналысуын ұйымдастыру мәселесі бүгінгі таңда анағұрлым өзекті әлеуметтік проблемалардың бірі болып отыр.
Тіпті Білім және ғылым министрлігінің ресми деректері бойынша оқушыларды ұйымдастырылған жазғы демалыс түрлерімен қамту деңгейі төмендеп келеді. Мысалы, 2010 жылы ол 92,7 пайызды, 2012 жылы – 91,4 пайызды құраған. Бірақ тексере келе бұл сандар да өте жоғары екеніне көз жетеді, өйткені балалардың қысқа уақыт болатын мектеп жанындағы лагерьлерін ұйымдастыру олардың жазғы каникул кезеңінде демалысын, бос уақыты мен бір іспен айналысуын ұйымдастырудың негізгі бағыты болып қалуда. Онымен тек кіші сынып оқушылары қамтылады, және де көбінесе тамақтандырусыз, демалыс үшін қажетті жағдайларсыз ұйымдастырылады, сондай-ақ жоғары сынып оқушылары жинау және мектептің жаңа оқу жылына дайындалу бойынша екі апталық практикамен қамтылады.
Келесі жылдан бастап Қазақстанның дарынды оқушылары да Машат шатқалында демалатын болады деп жоспарлануда.
Дереккөзі: ҚазАқпарат