Алматы облысында пара алып ұсталған экс-әкімге айыппұл салынды

/uploads/thumbnail/20170708192322376_small.jpg

Алматы облысы Райымбек ауданының экс-әкімі К.Төлепбердиевке қызметтік мансабын жеке мүддеге пайдаланып, ірі көлемде пара алғаны үшін 22 миллион теңге айыппұл салынған. Бұл туралы «Қамшы» порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Алматы облыстық сотының баспасөз-қызметі таратқан ақпараттарға сүйенсек, іс материалдарын сараптағаннан кейін экс-әкімнің орынбасарынан жер телімі үшін 370 мың теңге пара алғандығы дәлелденген.

"2015 жылы 10 тамыздағы сот үкіміне сәйкес К. Төлепбердиев ҚР ҚК 366-бабы, 2-тармағында қарастырылған қылмысқа барғаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 22 200 000 көлемінде айыппұл салу жазасы тағайындалды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, мемлекетке кіріс әкелу үшін жеке мүлкін тәркілеу және басқару органдары мен мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айыру жазалары қолданылды. Сот үкімі күшіне енді.

Нұрзат Тоғжан

Қатысты Мақалалар