Билік Байбекпен «эксперимент» жасап отыр ма?

/uploads/thumbnail/20170708192322708_small.jpg

Күні кеше ғана Алматы қаласына әкім болып тағайындалған бас партияның экс-төрағасы Бауыржан Байбекке қатысты қазақстандық саясаткерлер өз пікірлерін білдірген. Бұл туралы «Қамшы» порталы  Tengrinews.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

"Альтернатива" өзекті зерттеулер орталығының директоры Андрей Чеботарев Елбасы Байбекке үлкен сенім артқаны деп бағаласа,  "Тәуекелді бағалау тобының" директоры Досым Сәтпаев бұл тағайындауды өзгеше бір «эксперимент» деп есептейді. Сарапшылар өз ойларын Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбаттары барысында жеткізген.

"Байбекке қатысты айтатын болсақ - бұл өте қызық эксперимент, себебі менің ойымша, Алматы қаласын шаруашылықта тәжірибесі жоқ адам бірінші рет басқарып тұр. Сондықтан мен әлеуметтік желіде Алматы - "Нұр Отан" емес, бұл жерде сөзге емес, іске сенеді деп қалжыңдадым. Менің ойымша, бұл расында да Байбектің өзі үшін салмақты сынақ болады, ол күз-қыс кезеңі қарсаңында тағайындалды, бұл кезең біздің шаһар үшін ауыр және салмақты кезең. Ал Ахметжан Есімовтың командасында жақсы басқарушылар жетерлік. Енді көп нәрсе Бауыржан Байбектің командасына тікелей байланысты болмақ", - дейді Досым Сәтпаев.

"Менің ойымша, оған қазір толықтай кадрлық тазалау жүргізудің қажеті жоқ. Қалай десек те - Алматы өте күрделі коммуналдық шаруашылық, бұл жердің инфрақұрылымы да күрделі, нақты әрі әлеуетті проблемалар жетерлік. Сондықтан ол өзі түсініп, біз де - алматылықтар одан не күтетінімізді түсініп алғанға дейін Байбекке сынақ мерзімін беру керек. Себебі Байбек шын мәнінде өзі үшін ғана емес, бүкіл болашақтықтар үшін жауапкершілікті өз мойнына алайын деп тұр", - деді сарапшы, сонымен қатар, ол Мемлекет басшысының Алматы әкімі етіп Бауыржан Байбекті тағайындау арқылы өз жолын жастарға бергенін көрсетті деп, назар аудартты.

"Жастар өздерін қандай да бір партиялық құрылымда, жылы орында отырып, өздерін көрсетіп қана қоймай, басқарушы әрі шаруа адамы ретіндегі өз қабілеттерін көрсету үшін жас мамандарға мүмкіндік беріліп отыр. Алматы дегеніміз - мемлекет ішіндегі мемлекет емес пе, бұл жерде расымен-ақ проблема жетерлік, оларды жылдам әрі шапшаң түрде шешу керек, соңғы сел көрсетіп бергендей, бұл жерде қаланың қауіпсіздігіне байланысты белгілі бір аяқсыз істер бар", - деп есептейді Сәтпаев.

"Қазір Байбектен көп нәрсе күтіліп отыр және дәстүр бойынша берілетін 100 күндік сынақ мерзімі барлығының неге әкеп соғатынын көрсетеді", - деді Сәтпаев және ол Бауыржан Байбектің Алматы әкімі лауазымындағы келешегіне елу де елу деген баға берді.

Ал екінші сарапшы - Андрей Чеботарев Байбектің тағайындалуына байланысты өз дербестігін тексереді деген баға берді. "Бауыржан Байбектің Алматы қаласының әкімі болып тағайындалуына байланысты айтатын болсақ - бұл зор сенімнің көрсеткіші, себебі ол өзін республикалық деңгейде көрсете білді. Жанжалдар арасында көрінген жоқ. Енді оған маңызды лауазым тапсырылды, тіпті дербес жұмыс деуге болады. Себебі менің ойымша, орталық деңгейде жұмыс істеп жүрсең белгілі бір сүйенішің болады. Байбек үшін бұл жақсы тәжірибе, ол бұған дейін аймақта жұмыс істеген жоқ", - дейді Чеботарев.

Нұрзат Тоғжан

 

Қатысты Мақалалар