Еліміз бойынша ең үлкен Назарбаев зияткерлік мектебі Алматы қаласында ашылды

/uploads/thumbnail/20170708192323293_small.jpg

Бүгін Алматы қаласы Наурызбай ауданының Қалқаман-2 ықшамауданында химия-биология бағытында оқытатын Назарбаев Зияткерлік мектебі ашылды. Бұл - көлемі жағынан еліміз бойынша ең үлкен мектеп болып табылады. Бұл туралы «Қамшы» порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Салтанатты ашылу рәсіміне Алматы қаласының жаңа әкімі Бауыржан Байбек, белгілі ғалымдар, саясат және қоғам қайраткерлері, педагогтер, оқушылар және ата-аналар қатысты.

«Қазақта «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген жақсы сөз бар. Сондықтан да Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздіктің  алғашқы жылдарынан бастап, білім саласына үлкен мән берді. «Болашақ» бағдарламасын құрды. Сол бағдарлама бүгінде өз жемісін беруде. Сондықтан, Елбасымыз секілді ештеңеден қорықпау керек. Адамның қолынан көп нәрсе келеді. Ең бастысы, шын ниет, ынта-ықылас, білім және жігер қажет. Естеріңізде болсын, білім - бұл жақсы. Бірақ, тәрбиесіз ол нәтиже бермейді. Яғни, Отанын шын сүйген патриотты, мәдениетті, тәрбиелі және білімді азамат болыңыздар. Елбасының саясатын әрі қарай жалғастыратын сіздерсіздер», - деді өз сөзінде Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек.

Айта кетелік, республикамызда Назарбаев Зияткерлік мектептерінің ашылуы Елбасының бастамасымен «20 Зияткерлік мектеп» атты мемлекеттік бағдарлама аясында жүзеге асырылып келеді. Алғашқы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2009 жылы Астана қаласында ашылған болатын. Қазіргі таңда елімізде 18 мектеп жұмыс істейді.

Нұрзат Тоғжан

 

Қатысты Мақалалар