Қорғас-Шығыс кеденінде 75 келіге жуық алтынды заңсыз алып өтпек болған азамат ұсталды

/uploads/thumbnail/20170708192323793_small.jpg

«Қорғас-Шығыс қақпа» АЭА-да 73,5 келі алтын алып өтпек болған контрабандашы ұсталды, деп хабарлайды «Қамшы» порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Алматы облысы «Алтынкөл» кеден күзетінде контрабандамен кедендік шекараны кесіп өтпекші болған  24 жастағы ҚР азаматы ұсталды. Бұл туралы Алматы облысы Мемлекеттік кіріс департаментінен мәлімдеді.

«Қорғас-Шығыс Қақпа ХШЫО АЭА»  бақылау-өткізу пунктінде ҚР ҰҚК шекара қызметінің әскери қызметшілері кеден күзетінің қызметкерлерімен бірлесіп көлік тұрағынан ҚР азаматын ұстады, оның қол жүгінен алтынға ұқсас бұйым табылды. Тауар салмағы - 73,5 келі», - деп нақтылады облыстың мемлекеттік кіріс департаментінен.

Қазіргі таңда аталмыш факті бойынша тергеу шаралары жүргізілуде.

Қатысты Мақалалар