Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Сәуле Қисықова Қазақстан астанасындағы коронавирус инфекциясына қатысты қазіргі жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.
– Нұр-Сұлтанда коронавирустық індет басталғаннан бері 2520 адам вирус жұқтырып, 1621 адам немесе 64%-ы емделіп, емханалардан шығарылды. Жақсы жаңалықтың бірі – COVID-19 жұқтырған аналар 11 сау нәрестені дүниеге әкелді, – деді С.Қисықова.
Ол 3 маусымнан бастап Қазақстанның бас санитарлық дәрігерінің шешіміне сәйкес симптоматикалық және асимптоматикалық науқастарға бөлу кезінде медициналық бақылау жүргізу тактикасы өзгергенін еске салды.
– Асқынулардың алдын алу және уақытылы медициналық көмекті ұйымдастыру үшін симптомдары бар науқастарға көбірек көңіл бөлу керек. Аурудың асимптоматикалық ағымы бар адамдар назардан тыс қалмайды. Оларды үй карантині жағдайында аумақтық емханалар бақылап отырады, қанның оттегімен қанығу деңгейін өлшеу үшін импульстік оксиметрлермен қамтамасыз етіледі, күнделікті қоңыраулар жасалады, – деді С.Қисықова.
Пікір қалдыру