Күзде коронавирустың екінші толқыны болмауы да мүмкін. Себебі соңғы зерттеулер коронавирустың әлсіреп жатқанын көрсеткен. Бұл туралы италиялық вирусолог Массимо Клементидің мәлімдемесінде айтылады, деп хабарлайды РИА Новости.
Италиядағы Vita-Salute San Raffaele университетінің проректоры жергілікті дәрігерлердің мамырда ауруханаға түскен науқастарда коронавирустың асқынуын аса байқамағанын айтады.
Сондай-ақ дәрігерлер күзде пандемияның екінші толқыны болмайды деп сенім білдіріп отыр.
Аударған: Tengrinews.kz
Пікір қалдыру