Чекті талап етіп, сыйлық ұтып алуға болады

/image/2020/06/11/crop-197_83_587x1024_83c84833-70b9-4741-b9b3-7cdfa5722400.jpg
«Чекті талап ет-жүлдені ұтып ал!» акциясы ағымдағы жыл соңына дейін жалғасын таппақ. Акция аясында әрбір тұтынушы сатып алынған тауар (жұмыс және қызмет) үшін алынған кассалық чекті, тегін мобильді қосымша (Wipon) арқылы жібереді және телефон теңгеріміне түсетін ақшалай қаражатты ұтып алу мүмкіндігін алады. Бұл туралы ШҚО ақпараттық орталығында өткен брифинг барысында Шығыс Қазақстан бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмыстары бойынша басшысы Надежда Дроздова мәлім етті.
 
Брифинг барысында Надежда Дроздова БКМ фискалдық чектері берілмеген жағдайда, тұтынушы аталған қосымша (Wipon) арқылы шағымдана алатынын және  онда дерек расталғаннан кейін телефон теңгерімі ақша қаражатымен толықтырылатынын атап өтті.
 
- Бағдарламаға фискалды чекті жүктей отырып, 500 теңгеге дейін телефон теңгеріміне жедел ақшалай сыйлық ойнатылады. Қосымша арқылы чектің мәліметтерін ұсыну жолымен тауарды, жұмысты немесе қызметті сатып алғандығын растаған кез келген азамат қатыса алады, - деді Надежда Дроздова.
 
Шығыс Қазақстан бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмыстары бойынша басшысының айтуынша, көрсетілген жұмыстар, қызметтер, сатып алынған тауарлар үшін чекті міндетті түрде беру салық заңнамасымен ғана емес, сонымен қатар тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамамен көзделген. Бұл өз кезегінде чектің болуы белгілі бір сауда нүктесінде тауарды қайтару немесе айырбастау жағдайында сатып алу бойынша проблемаларды болдырмауға мүмкіндік береді.
 
- Егер фискалдық чек берілмесе, онда осы қосымша арқылы «Азаматтық бақылау-чекті талап ет!» акциясының шеберінде фискалдық чекті бермеу дерегі туралы шағым беруге болады. Чектің берілмеу дерегі  тіркелген бейне бекітіледі. Барлық жіберілген өтініштер қаралып, чек берілмегені анықталған жағдайда,  азамат телефон теңгеріміне 1000 теңге сыйақы ала алады. Хабарламаларда бұзушылық  дерегі  расталған және жауапқа тартылған жағдайда, сыйақы төлеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін авторды (Т.А.Ә., ЖСН (БСН), байланыс ақпараты) көрсету қажет, - деді Надежда Дроздова.
 
ШҚО бойынша 2020 жылдың 25 мамырына дейін чек берілмеуіне байланысты 54 шағым расталған. Брифингке қатысқан Шығыс Қазақстан бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмыстары бойынша басшысы осылай деді.
 
- Бұл бір жағынан заңнаманы сақтауға, екінші жағынан өз бюджетін толықтыруға мүмкіндік береді, - деді Надежда Дроздова.
 
ШҚО ақпарат орталығы
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар