Екі баланың анасын соққыға жыққан күдіктілердің бірі ұсталды

/image/2020/06/12/crop-185_6_436x436_photo_68270.png

Шымкент қаласында екі баланың анасын соққыға жыққан күдіктілердің бірі ұсталды. Бұл туралы polisia.kz хабарлады.

Шымкент қаласы Абай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында 48 жастағы күдіктіні қолға түсірген. Ол қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"26 мамыр күні 39 жастағы жергілікті тұрғынның дене жарақатын алу фактісі бойынша ҚР Қылмыстық Кодексі 107-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында жедел тергеу тобы барлық қажетті іс-шараларды өткізіп, қылмысқа қатысы бар күдіктіні анықтады. Бірқатар тиісті сараптамалар тағайындалды. Тағайындалған сараптамалардың қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Тергеу жұмыстары прокуратура мен полиция департаменті басшысының бақылауында болады", делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін 39 жастағы әйелді белгісіз біреулер көшеде кетіп бара жатқан жерінен зорлық-зомбылық көрсетіп, әйелің тісін және үш жерден жағын сындырған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар