Белгілі журналист, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының атқарушы директоры Рахат Жақсыбай facebook парақшасында өзінің коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді.
"Кейде осындай хабар жазуға да тура келеді. Әлемдік пандемия басталып жатқанда Англияда едік. О жақта өткен жылдың соңынан дабыл қағып бастаған. Сақтық жасап, үйден шықпадық. Ал ақпанда жұғу қаупі жоғары деген Лондон метросын, әуежайын басып өтіп, елге аман-сау оралғанбыз. Әрі қарай белгілі. Елмен бірге екі жарым ай карантинде болдық. Сосын бекеттер алынды. Әйтеуір, бізге қатысы болмайтындай көргенбіз. Қатысты болып шықты. ПЦР оң нәтиже көрсетті. Ауруханадамын енді. Негізі адамның сырқаты жеке құпиясына жатады заң бойынша. Бірақ қоғамдық резонанс, бар ма, жоқ па деген сауал көбейген соң, жазуды жөн көрдім" деген журналист вирусты қалай жұқтырып алғанын айтты.
"Ең алдымен, түсінгенім, вирус адамды иммунитеті әлсіреген тұста алатын сияқты. Кондиционер астында суықтап қалу, салқын балмұздақты асап жіберу, ыстық күнде келіп, суық душ қабылдау деген сияқты. Осындайдан кейін адамдармен араласқан соң, вирус тез жұғуы мүмкін. Ауырып жатқан таныстарымның қайсысымен сөйлессем де, айтатындары осы. Өзім де сырқаттанар алдында, екі сағат кондиционер астында отырып қалған едім. Яғни, тиісті алдын алу шараларынан бөлек, иммунитетті көтеріп, түсіріп алмау жағына мән беру керек" дейді ол.
Сондай-ақ бүгін депутат, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Бекболат Тілеуханнан хабарланған.
Пікір қалдыру