Қапшағай су қоймасына апаратын жолдарда қойылған мобильді посттар алынады. Бұл туралы Алматы облысы әкімі баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымұрат Жүкел хабарлады.
"Алматы облысының ведомствоаралық комиссиясының шешімімен 13 маусымнан бастап Қапшағай су қоймасының жағажайы қонақтарды қабылдай бастайды. Жуырда арнайы жұмыс тобы жағажайда қызмет көрсететін мекемелердің дайындығын тексеріп оң бағасының берді" делінген Ғалымұрат Жүкелдің facebook-тегі жазбасында.
Пікір қалдыру