Алматыда 15 маусымнан бастап барлық кинотеатрлар ашылады деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы әкімдік ресми түрде хабарлады.
– Алматыда коронавирус инфекциясының тіркелу қарқыны төмендемей тұрғаны себепті, қазіргі уақытта Алматы қаласының аумағындағы кинотеатрлардың жұмысын жаңарту мәселесі қаралған жоқ, – деді Алматы қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігері Ж. Бекшин.
Бүгінгі таңда Алматы қаласында коронавирус инфекциясының 3005 оқиғасы тіркелді.
Жұқтырудың негізгі көзі – адамдар көп жиналатын орындар, олардың арасында кинотеатрлар бар.
Пікір қалдыру