"Коронавирустың таралуын тежеу мақсатында қалада барлық жағдай жасалуда"

/image/2020/06/14/crop-64_9_774x1033_112.jpg

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев коронавирус инфекциясының алдын алу үшін дезинфекциялау жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатқандығын Іnstagram жазды.

– Коронавирустың таралуын тежеу мақсатында қалада барлық жағдай жасалуда. Соның бірі – қоғамдық кеңістікті дезинфекциялау. Көшелер, сауда және қызмет көрсету нысандары, медициналық мекемелердің аумақтары, жаяу жүргіншілер жолы, жалпы жұқтыру қаупіне ие барлық заттар залалсыздандырылуда, – деді Сағынтаев.

Сонымен қатар, күн сайын 7,5 мың кіреберіс пен 1,5 мың аула, соның ішінде балалардың ойын және спорт алаңдары дезинфекцияланып жатқынын атап өтті.

– Бұған 75,4 мың литр ерітінді жұмсалады. Ал бұл жұмыстар 450 дезинфекциялық компания қызметкерлерінің күшімен атқарылады. Болат Садыков сынды қарапайым жігіттер COVID-19-дың таралуына қарсы іс-қимылда белсенділік танытып жүр. Біз де жауапкершілік танытайық, – деп жазды шаһар басшысы.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

Коронавирустың таралуын тежеу мақсатында қалада барлық жағдай жасалуда. Соның бірі — қоғамдық кеңістікті дезинфекциялау. Көшелер, сауда және қызмет көрсету нысандары, медициналық мекемелердің аумақтары, жаяу жүргіншілер жолы, жалпы жұқтыру қаупіне ие барлық заттар залалсыздандырылуда. Сонымен қатар, күн сайын 7,5 мың кіреберіс пен 1,5 мың аула, соның ішінде балалардың ойын және спорт алаңдары дезинфекцияланады. Бұған 75,4 мың литр ерітінді жұмсалады. Ал бұл жұмыстар 450 дезинфекциялық компания қызметкерлерінің күшімен атқарылады. Болат Садыков сынды қарапайым жігіттер COVID-19-дың таралуына қарсы іс-қимылда белсенділік танытып жүр. Біз де жауапкершілік танытайық. —— Город делает все возможное, чтобы сдержать распространение коронавируса. Одной из профилактических мер является дезинфекция общественных пространств. Обрабатываются улицы, территории объектов торговли и услуг, медучреждений, тротуары и все, что может представлять угрозу инфицирования. Кроме того, ежедневно обрабатывается порядка 7,5 тыс. подъездов и 1,5 тыс. дворов, в том числе детских игровых и спортивных площадок. Расходуется 75,4 тыс. литров раствора. Эта работа проводится вручную, силами 450 работников дезинфекционных компаний. Такие простые ребята, как Болат Садыков, помогают в борьбе с распространением COVID-19. Давайте и мы поможем — своим ответственным поведением. #AlmatyBirgemiz

Публикация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b)

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар