Қытайда коронавирус қайта көбейіп, тұрғын үйлер жабылды

/image/2020/06/15/crop-29_24_672x1163_aaaaaaaaaaaaaaa.jpg

Қытай билігі Covid-19 қайта көбейгендіктен тұрғын үйлерді жапты. Қытай денсаулық сақтау қызметкерлері індеттің қаупі "өте жоғары" деп ескертті. Бұл туралы Қамшы тілшісі The Guardian басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Дүйсенбіде Қытай билігі коронавирустың 49 жаңа жағдайы тіркелгенін жариялады.

Олардың 36-сы Бейжіңнің оңтүстік Фэнтай ауданындағы Синфади теңіз супермаркетімен байланысты болған. Сенбіде базар жабылған.

– Эпидемияның таралу қаупі өте жоғары, сондықтан біз батыл және шешуші шаралар қолдануымыз керек, – деді Бейжің қалалық үкіметінің өкілі Сю Хеджян дүйсенбіде өткен брифингте.

Жексенбі күні ол Бейжің "ерекше кезеңге" кіргенін айтқан.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар