Алматыда соққыға жығылған 79 жастағы азамат арыз жазудан бас тартты

/image/2020/06/15/crop-18_13_697x1239_2020061512080440332_piszje8avjho6ihglwtc.jpg

Үйіне түскен ұрылар соққыға шыққан 79 жастағы азамат арызданбайтынын мәлімдеді. Ол денесінің көгеруіне құлап қалуы себеп болғанын айтады. Алайда полиция жәбірленуші "тонаушылар өзінің жақыны болғандықтан, оларды қорғап отырған болуы мүмкін" деп санайды.

Ақпарат almaty_kris_p instagram парақшасына жарияланған.

Оқиға Алматы облысы Жетіген ауылында болған. Белгісіз ер мен әйел зейнеткердің үйіне терезе арқылы кірген. 

"Әже ұйқыдан оянып, халатын киіп жатқанда басынан соққы алған. Тонаушылар үйден ақша ұрлаған. Ұрылар ауыр соққыдан өлген болуы керек деп әжені Нұра ауылына апарып тастаған. Сол маңнан өтіп бара жатқан жедел жәрдем қызметкерлері соққыға жығылған әжені көріп, ауруханаға жеткізген. Қазір әже Іле аудандық орталық ауруханасының травматология бөлімшесінде жатыр", делінген әлеуметтік желідегі хабарламада.  

 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

Вчера 13.06 в ночное время, по адресу: Алматинская область, пос.Жетыген, ул.Советская, 109, двое неизвестных, мужчина и женщина через окно вломились в дом. Бабушка проснулась и пока одевала халат ей нанесли удар голове и избили. Грабители украли из дома денежные средства. После избиения грабители подумали, что бабушка умерла от нанесённых ударов и вывезли ее в поселок Нура. В этом же поселке проезжавшая мимо скорая заметила и отвезла в больницу бабушку. Сейчас бабушка находится в отделении травматологии в больнице ГРЭС.

Публикация от Kris P Almaty|21+?? (@almaty_kris_p)

Алматы облысы Полиция департаментіндегілер 14 маусымда Іле аудандық орталық ауруханасына 79 жастағы зейнеткердің түскенін растады.

"Әжейден сұрағанда жалғыз өзі тұратынын және үйде құлап, жарақат алғанын айтты. Бірақ тергеушілер бұған күмәнданып отыр. Сондықтан істің анық-қанығы жіті тексеріледі. Әйел өзінің жақындарын жақтап отырған болуы мүмкін" деп хабарлады полиция департаментіндегілер.

Ведомстводағылардың дерегінше, зейнеткер арыз жазудан және сот-медицина сараптасын жасатудан бас тартқан.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар