NCOC компаниясы қызметкерінен коронавирус анықталды

/image/2020/06/15/crop-106_10_581x774_a99bb9e5-dsc_0282.jpg

Вест Ойл базасындағы NCOC қызметкерлерінің бірінен коронавирус анықталды. Бұл туралы azh.kz хабарлады.

– Біз Атыраудағы NCOC аутсорсинг нысандарының бірінде жұмыс істейтін компания қызметкерінен COVID-19 сынамасы оң нәтиже көрсеткенін растаймыз, – деп хабарлады NCOC.

Қазіргі уақытта компания қызметкерлері оқшауланған.

– Бұл нысан өндірістік алаңдар мен компания кеңселерінен қашықта орналасқан. Ауру белгілері байқалмайды, сондықтан бекітілген хаттамаға сәйкес жұмысшы үйге оқшауланды. Жақын байланыста болған адамдардың барлығы дереу анықталып, оқшауланды, олардың барлығы ПТР сынамасынан өтеді. Бұл қызметкер өндірістік немесе кеңсе қызметкерлерімен байланыста болмаған. Біз жағдайды мұқият қадағалап отырмыз, – деп атап өтілген ақпараттық хабарламада.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар