Асқар Мамин мінген тікұшақ шұғыл қонды

/image/2020/06/15/crop-14_11_510x871_474f14a8c7ffc74f.webp

Премьер-министр Асқар Мамин мінген тікұшақ шұғыл түрде жерге қонды. Оның себептері туралы «Қазавиаспас» АҚ қоғаммен байланыс бөлімі мәлім етті.

«Жамбыл облысында 12 маусым күні бортында премьер-министр Асқар Мамин болған тікұшақ әуеден шолу жасаған. Ұшу кезінде ұшқыш гидравликалық жүйенің істен шыққанын байқаған. Осыдан кейін қосалқы гидравликалық жүйе қосылған. Ұшу нұсқаулығына сәйкес тікұшақ Таразға қонуға мәжбүр болды» деп хабарлады «Қазавиаспас» АҚ қоғаммен байланыс бөлімінің маманы Анар Хамитова ҚазАқпарат тілшісіне.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта азаматтық авиация саласында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі арнайы комиссия құрған. Аталған жағдайдың ресми себебі кейінірек жарияланады.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар