Алматының Стратегия және бюджет басқармасының басшысы тағайындалды

/image/2020/06/15/crop-55_5_516x688_e3d394e9-2099-45e9-a4c6-7e6b559e855f.jpg

Қала әкімінің өкімі бойынша Алмас Батанов Алматының Стратегия және бюджет басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Алмас Батанов 1977 жылдың 21 қарашасында туылған. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, ал 2004 жылы Алматының технология және бизнес университетін, 2010 жылы Ноттингем Университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2000 жылы Алматы қаласындағы «Метрология» республикалық мемлекеттік кәсіпорында жетекші маман болып бастаған.

2000 жылдан 2009 жылдар аралығында Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында «Қазақ метрология институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны орталығында бас маман, басқарма басшысы, орталық басшысының орынбасары, орталық басшысы қызметттерін атқарған.

2013 жылдан 2014 жылдар аралығында ҚР өңірлік даму Министрлігінің өңірлік мониторинг және бағалау департаментінің директоры болды.

2014 жылдан 2016 жылдар аралығында ҚР Премьер-министрі орынбасарының кеңесшісі, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасары лауазымдарында болды.

2016 жылдан 2019 жылдың сәуірі аралығында ҚР Премьер-министрі кеңсесі басшысының орынбасары, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы, сонымен қатар ҚР Мемлекеттік хатшысы хатшылығының меңгерушісі қызметтерін атқарған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар