Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысының білім басқармасы «Дарын» қосымша білім орталығының директоры Несібелі Қуатова айтып берді.
ҚР Тұңғыш Президенті- Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес жас таланттар мен көшбасшыларды қолдау мақсатындағы «Ел үміті» атты жаңа бастамасын бастады. Басты мақсат - талантты жас қазақстандықтарды, ең алдымен, жарқын болашақта еліміздегі тіршілік ортасының түрлі саласы - жаңа индустрия, бизнес, ғылым, медицина, білім беру және мемлекеттік басқарудың кәсіпқой элитасына кіруге тиіс оқушылар мен жастарды табу және оларға қолдау көрсету. Осы орайда, әлемнің бәсекеге қабілетті ең үздік 30 елінің қатарына кіру үміті жастармен байланысты. Осылайша, олардың ел ішінде және шетелде білім алуына жағдай жасалуда.
«Ел үміті» бастамасы аясында Тұңғыш Президент Қоры Үкіметпен, облыс әкімдіктерімен, қоғамдық бірлестіктерімен, білім беру жеке ұйымдарымен, бизнес-қауымдастығымен және қызығушылық білдірген тараптармен бірлесіп жұмыс істеуде. Осы міндеттердің іске асырылуын үйлестіру үшін Қордың жанында «Елбасы академиясы» құрылды. Ол «Ел үміті» бастамасын іске асыруды басқару жөніндегі оператор ретінде әрекет етеді және әдістемелер, тағылымдамалар бағдарламалары мен гранттар әзірленеді. Осылайша, әр өңірде жыл сайын ауылдар мен шағын қалалардан кемінде 3 мың дарынды баланы анықтап, кейінгі білім беруде қолдау көрсететін таланттарды анықтау және қолдау орталықтарын (17 орталық) құруға мүмкіндік береді.
«Осы бағытты барлық облыстан дарынды балаларды анықтау, қолдау үшін орталықтар ашылды. Біздің орталық 2007 жылдан жұмыс жасап келеді. Орталықта Ел үміті жұмыстары бойынша арнайы штаттық бірліктер қосылып, осы бағытта өз жұмыстарын бастап кетті. «Ел үміті» бастамасын іске асыру үшін жергілікті бюджет есебінен арнайы қаражат қарастырылған», – дейді Маңғыстау облысының білім басқармасы «Дарын» қосымша білім орталығы директоры Несібелі Қуатова.
«Ел үміті» бастамасының мақсаты атап өткендей жас дарындыларды қолдау болып табылады. Осы мақсатта «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасы ұйымдастырылды. Олимпиаданың бірінші кезеңіне 5-6 сынып оқитын ауыл мектептерінің 14 мыңға жуық оқушылары қатысты. Олар барлық пән бойынша тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысы негізінде іріктелді. Бірінші кезең бойынша 300 оқушы жеңімпаз атанған. Олар олимпиаданың екінші кезеңіне жолдама алды. Екінші кезең маусым айының 25-26 күндері өтеді деп жоспарлануда. Олимпиада 25 маусым күні 5 сынып оқушыларына, 26 маусым күні 6 сынып оқушыларына өтеді.
Екінші кезеңге қатысатын оқушылардың ата аналарымен байланыс орнатылған. Олимпиаданың өту тәртібі арнайы хабарламалар аркылы жеткізіледі.
Пікір қалдыру