Журналист, "Уақыт көрсетеді" youtube жобасының жүргізушісі Нұрсейіт Жылқышыбай өз бағдарламасында Демократиялық партия құру бойынша бастамашыл топ жетекшісі Жанболат Мамаймен сұқбаттасты.
Жанболат Мамайдың айтуынша "халық биліктен әбден шаршаған, сондықтан өзгерістің уақыты өте жақын".
Дәл осы пікірден соң қойылған журналистің "Құл болып кетпейміз бе?" деген сұрағына Жанболат Мамай:
– Ешкімге құл болмаймыз. Қазір қарап отырсаңыз, Қазақстанда аяқ астынан билік құлап далада қалатын болса, сол билік туын ұстап қалатын бірде-бір институт жоқ. Сондықтан біз қазір жедел қимылдап халықтың сенімі мен қолдауына ие болатын саяси институттарды қалыптастыруымыз керек. Назарбаевтың билігі осындай институт болмасын деп әдейі жасап отыр, – деп жауап берді.
Сұқбаттың толық нұсқасын видеодан көре аласыздар.
Пікір қалдыру