Алматыда жынысын өзгерткен полицейге мемлекеттік медициналық квотамен операция жасалған

/uploads/thumbnail/20170708192342973_small.jpg

Кеше Алматы қалалық соты өз жынысын ауыстырғаны үшін жұмыстан қуылған бұрынғы полиция қызметкеріне қатысты шешімді шығарған. Қалалық соттың шешімімен бұрынғы полицей қызметкерінің жұмысқа қайта қабылдау туралы шағымын қанағаттандырмады және келтірілген моральдық шығыны үшін өтемақы сұраған талабын да орындамады. Бұл туралы «Қамшы» порталы «Азаттыққа» сілтеме жасай отырп хабарлайды.

Естеріңізде болса, осыған дейін қазақстандық полицей әйелдің жынысын өзгерту үшін операция жасатқаны және бұл әрекеті үшін жұмыстан аластатылғаны туралы қазақстандық БАҚ жазған болатын.

Осылайша, Алматы қалалық бұрынғы ішкі істер департаменті қызметкерінің ісі сотқа дейін жеткен. Полиция старшинасы бөлімшеге келіп түскен қоңырауларды қабылдап, патрульдік полиция қызметін ұйымдастырып отырған. Ол өзі полицияда жұмыс істеген жылдары әйел образында жүрген, кейін жынысын ауыстыру туралы шешім шығарғанда жұмысынан айырылып қалған.

Алматының жедел басқару орталығының бұрынғы қызметкері соттан жұмысына қайта алуды, «еріксіз жұмыстан қалған күндері үшін» жалақы өндіруді және адвокаттың қызмет ақысын төлеуді және 80 миллион теңге көлемінде «моральдық өтемақы» өндіріп беруді сұрағанымен, алғашқы сот инстанциясы полиция қызметкерінің талаптарын қанағаттандырмаған.

Жынысын ауыстырған экс-полицейдің айтуынша, жынысты өзгертетін операция мемлекеттік медициналық квота бойынша жасалған.

«Мен жеңілетінімді білгенмін. Бұл жұрттың көбі және шенеуніктер де гомофоб екендігін білдіреді. Оларға бүкіл бір жүйе мен емес, жалғыз-жарымдармен, трансгендермен күрескен оңай. Егер мен жеңсем, құқық қорғау органдарында адам құқығы бұзылмаған болар еді», дейді экс-полицей.

Нұрзат Тоғжан

Қатысты Мақалалар