Енді қырғыз тауарлары Қазақстан нарығына ашық жол тартады

/uploads/thumbnail/20170708192343880_small.jpg

Бүгіннен бастап Қырғызстан Қазақстан, Белорусия, Ресей және Армениямен қатар Еуразиялық экономикалық одақтың толыққанды мүшесі болды.  Бұл туралы «Қамшы» порталы ЕАЭО комиссиясы ақпараттарына сілтеме жасайды.

«12 тамыздан бастап Қырғыз Республикасының ЕАЭО-ға қосылу туралы келісімдер күшіне енетін болады. Сондай-ақ, Қырғызстан одаққа мүше елдерге шекаралық қатынастарын толық ашатын болады»,-делінген ресейлік ақпарат көздерінде.

«Қырғызстанның ЕАЭО-ға мүше болуы біріншіден сол мемлекет үшін көптеген мүмкіншіліктерді ашады. Біріншіден, тауар тасымалдау жолдарындағы кедергілер жойылып, қызмет, жаңа жұмыс күштері ашылады. Жаңа инвестициялық жобалар мен ірі инфрақұрылымдық жобалар тартуға мүмкіндік туып отыр. Сонымен қатар, энергетика, транспорт,ауылшаруашылық құрылымдарға жаңа жолдар ашылады. Қырғызстан азаматтары одаққа мүше кез келген мемлекетті еркін жұмыс істей алады»,-дйді ЕЭК.

Ал РИА Новости-дің ақпаратында Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы кедендік бақылауды алып тастау рәсімі 12 тамыз күні өтетін болады. Бұл шараға қос елдің Президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Алмазбек Атамбаев қатысады деп жоспарлануда. Кедендік бақылауды алып тастау онлайн жүйеде екі елдің арналарынан көрсетілетін болады.

Дегенмен қазақстандық экономистердің айтуынша,  кедендік бақылауды алып тастағаннан кейін еліміздің ішкі нарығына арзан қырғыз тауарлары көптеп келе бастайды. Бұл қазақстандық тауарлардың бәсекеге қабілетін төмендететіні сөзсіз. Әсіресе, кіші жеке кәсіпкерлер шығынға батуы мүмкін. Себебі, қазақстандық тауарлар сапасы жақсы болғанымен бағасы қырғыз тауарларының бағасына сәйкес келмейді.

Нұрзат Тоғжан

Қатысты Мақалалар