Өскеменде өрт 40 гектар жерді шарпаған

/uploads/thumbnail/20170708192345976_small.jpg

Өскемен қаласының ішіндегі өнеркәсіп базасынан өрт шығып, ол  ашық жатқан аумақтағы құрғақ шөпке түскен.  Жалын 40 гектар жерді шарпыған, деп хабарлады ШҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі. Бұл туралы «Қамшы» порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып хабарлайды.

 «Жұмыс орнында 14 автоцистерна және жеке құрамнан 40-тан астам адам жұмыс істеуде. Жағдай бақылауға алынды. Өрт сөндірушілер жалынды таратпай, ауыздықтауға тырысуда. Қатты жел жағдайды күрделендіруде. Жақын елді мекендерге қауіп жоқ. ШҚО ТЖД офицерлік құрамы күшейтілген режімге ауысты», - деп атап өтіледі хабарламада.

Нұрзат Тоғжан

 

Қатысты Мақалалар