Оралда кеше кешке "Зачаганск" сауда үйінің маңында BMW автомобилінің жүргізушісі 7 жасар баланы қағып өлтірді. Бала жедел жәрдем келгенше көз жұмды. Бұл туралы "Қамшы" ақпараттық порталы tengrinews.kz - ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Жасөспірімнің жолға жалғыз өзі не мақсатпен шығып кеткені белгісіз. Оның оқиға болған жерде жақын маңда жүргені белгілі болды. Апат болған жерге қаза тапқан баланың туыстары келді. Автомобиль рөлінде кімнің болғаны хабарланбады. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.